World Boxing құрамына жеті бірдей федерация қосылды

World Boxing құрамына жеті бірдей федерация қосылды

World Boxing ұйымының атқарушы кеңесі жеті жаңа ұлттық федерацияны мүшелікке қабылдап, ұйым құрамын кеңейтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жаңа мүшелер қатарында Антигуа және Барбуда, Камерун, Кюрасао, Габон, Гренада, Оңтүстік Африка және Вануату елдерінің бокс федерациялары бар. Осы өзгерістен кейін ұйымдағы ұлттық федерациялар саны 175-ке жетті. Оның ішінде 123-і толыққанды мүше болса, біреуі қауымдастырылған, ал 51 федерация мақұлданған мүшелер санатына кіреді.

Қазір  World Boxing әуесқой бокстың мүддесін Халықаралық Олимпиада комитеті алдында қорғайтын жалғыз ұйым болып саналады. 2025 жылы ұйым уақытша мойындауға ие болып, кейін боксты 2028 жылғы Олимпиада ойындары бағдарламасына енгізуге ықпал етті. 

Айта кетелік, аталмыш ұйымның президенті –қазақстандық атақты боксшы Геннадий Головкин.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или