Бибісара Асаубаева украиналық шахматшыны жеңді
Бүгін, 14 сәуірде, қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева 2026 жылғы әйелдер арасындағы үміткерлер турнирінің 13-ші тур ойынын украиналық Анна Музычукке қарсы өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Асаубаева турнирдегі төртінші жеңісіне қол жеткізді. 7,5 ұпаймен ол үндістандық Вайшали Рамешбабумен бірінші және екінші орындарды бөлісіп отыр.
Еске сала кетейік, қатысушылар классикалық уақытты бақылау жүйесімен 14 раундтық ойын өткізеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или