Үстел теннисі: Қазақстан құрамасына тәжірибелі бапкер-кеңесші келді

Үстел теннисі: Қазақстан құрамасына тәжірибелі бапкер-кеңесші келді

28 сәуір мен 10 мамыр аралығында Лондонда өтетін командалық әлем чемпионаты қарсаңында Қазақстан құрамасына тәжірибелі бапкер-кеңесші Александр Петкевич шақыртылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Беларусь Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы әрі КСРО спорт шебері ұлттық құраманы маңызды додаларға дайындауға көмектеседі.

Александр Петкевич — әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Владимир Самсонов пен әлем чемпионатының қола жүлдегерлері Виктория және Вероника Павловичтердің тәлімгері. Білікті маманның келуі отандық спортшылардың тактикалық және техникалық шеберлігін шыңдап, жаттығу сапасын жаңа деңгейге көтеруге септігін тигізбек.

Айта кетейік, бұл ынтымақтастық қазақстандық теннисшілердің халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында жүзеге асып отыр. Маманның зор тәжірибесі алдағы әлем біріншілігінде оң нәтиже беруі тиіс.

Қазақстан Канаданы жеңгеннен кейін әлемдік рейтингтегі орны жоғарылады

Қазақстандық құзға өрмелеушілер Азия чемпионатында өнер көрсетті

Үміткерлер турнирі: Бибісара Асаубаева матчты тең аяқтады

Қазіргі бессайыстан ӘК: Қазақстан құрамасының нәтижесі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или