Үміткерлер турнирі: Бибісара Асаубаева матчты тең аяқтады

Үміткерлер турнирі: Бибісара Асаубаева матчты тең аяқтады

2026 жылғы әйелдер арасындағы үміткерлер турнирінде қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева 11-ші турда қытайлық Тан Чжунъимен ойнады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын тең аяқталып, қазақстандық ойыншы 0,5 ұпай еншіледі.

Асаубаеваның қазір 5,5 ұпайы бар. Асаубаева екі ойында жеңіске жетіп, жетеуінде тең ойнап, екі ойында жеңіліс тапты.

Турнирдің жүлде қоры 300 000 еуроны құрайды. Жеңімпаздар бірінші орын үшін 28 000 еуро, екінші орын үшін 17 000 еуро және үшінші орын үшін 8 600 еуро алады. 

Айта кету керек, Қазақстан тарихта алғаш рет шахмат тәжі үшін әйелдер арасындағы үміткерлер турнирінде өнер көрсетіп жатыр.




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или