Спорт мектептері жаңа қаржыландыру жүйесіне өтеді
Қазақстан Президенті балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесіне көшіру туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жаңа жүйе 2026 жылдан бастап күшіне енеді. Енді бір спортшыға жылына шамамен 415 мың теңге бөлінеді. Бұған дейін бұл көрсеткіш 233 мың теңгені құраған.
Сонымен қатар, біліктілігі расталған жаттықтырушылардың жалақысы 30 пайызға өседі.
Қазіргі таңда елімізде 526 спорт мектебінде 400 мыңға жуық бала жаттығып жүр. Саланы дамыту мақсатында 2028 жылға дейін 74 миллиард теңге бөліну жоспарланған.
Бұдан бөлек, спорттық инфрақұрылым да дамып келеді. Атырау облысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында дарынды спортшыларға арналған заманауи мектеп-интернат салынып жатыр.
Жалпы, бұл бастамалар болашақ чемпиондарды дайындауға және бұқаралық спортты дамытуға бағытталған.
Қазақстандық құзға өрмелеушілер Азия чемпионатында өнер көрсетті
Үміткерлер турнирі: Бибісара Асаубаева матчты тең аяқтады
Қазіргі бессайыстан ӘК: Қазақстан құрамасының нәтижесі