Нысана көздеуден әлем кубогы кезеңі: Қазақстан құрамасының нәтижесі
Нысана көздеуден Гранада қаласындағы (Испания) Әлем кубогының кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасы сапындағы ең үздік нәтижені Никита Черюкин көрсетті. Ол 25 метрден пневматикалық тапаншамен жылдам атудан 5-орынға тұрақтады.
Одан бөлек, Әлем кубогының финалына Валерий Рахымжан және Никита Шахторин шықты.
Валерий Рахымжан 10 метрден тапаншамен атудан сегізінші орынға ие болды. Ал Никита Шахторин 50 метрден мылтықпен үш қалыпта ату сайысында сегізінші орынға тұрақтады.
Спорт мектептері жаңа қаржыландыру жүйесіне өтеді
Үстел теннисінен Қазақстан құрамасына шетелдік маман келді
Қазақстандық құзға өрмелеушілер Азия чемпионатында өнер көрсетті
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или