ММА

Резников: Жеңісімді Қазақстанға арнаймын

Резников: Жеңісімді Қазақстанға арнаймын
news-banner7
mobile-news-top

Жеңіл (70 келі) салмақтағы Қазақстанның ең үздік файтері Артем Резников ACA 111 турниріндегі жарқын жеңісі жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ресей астанасында Резников жеңіл салмақтағы (66 келі) ACB-нің бұрынғы чемпионы Юсуф Раисовпен кездесті. Жекпе-жек үш раундқа да созылып, төрешілер Резниковқа жеңісті берді. Әдемі әрі өте маңызды жеңістен кейін Резников барлық жанкүйерлерге, әсіресе Қазақстан тұрғындарына қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтты.

«Мен Қазақстанда тудым. Менің ата-анам Қазақстаннан, менің атам, әжем бәрі Қазақстаннан. Мен Қазақстанда туып-өстім. Біз көпұлтты елміз. Мен бұл жеңісті қазақ халқына арнамақпын. Қазақстанға рахмет. Біз үлкен отбасымыз. Бұл менің жеңісім емес, бұл біздің бәріміздің жеңісіміз. Алға Қазақстан», - деп қорытындылады Резников ACA 111-де болған жекпе-жектен кейін.

Еске салайық, қазақстандық сарбаздар Артем Резников, Асылжан Бақытжанұлы, Георгий Кичигин және Шәріпов ACA 111 турниріне «ШАХ» компаниясының қолдауымен қатысты.

ВИДЕО. Артем Резниковтың Юсуф Раисовты жеңген сәті

Георгий Кичигин ACA лигасында сәтті дебют жасады

Нұрберген Шәріпов ACA 111 турниріндегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер