ММА

Нұрберген Шәріпов ACA лигасындағы дебютін сәтті өткізді

Нұрберген Шәріпов ACA лигасындағы дебютін сәтті өткізді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық файтер Нұрберген Шәріпов (10-2) ACA 111 турнирінде сәтті дебют жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шәріпов Мәскеудегі турнирде ресейлік Тамерлан Кулаевпен (11-2) кездесті. Жекпе-жек үш раундқа созылып, төрешілер шешім шығарды. Жеңіл салмақтағы (61,2 келі) 15 минутқа созылған жекпе-жек спортшыларға қиынға соқты, өйткені жекпе-жектегі басымдық бір спортшыдан екінші спортшыға ауысып отырды. Бірақ соңында төрешілердің бірауыздан Шәріповты жеңімпаз деп таныды.

Айта кетелік, Шәріпов осы жылдың тамызында ресейлік промоушнде дебют жасауы керек еді, бірақ шекарадағы проблемаларға байланысты сарбаз шараға қатыса алмады. Соңғы рет Шәріпов өткен жылдың қыркүйегінде GFC 17 турнирінде сәтті өнер көрсеткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер