Чемпиондар лигасының ширек финалындағы барлық жұп анықталды

Чемпиондар лигасының ширек финалындағы барлық жұп анықталды

Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аяқталып, ширек финалға шыққан 8 команда толық анықталды, деп жазады Prosports.kz.

1/4 финалған соңғы болып <span>«Бавария» мен «Барселона» жолдама алды. </span>

«Бавария» өз алаңында «Челсиді» <span>4:1 есебімен жеңді.</span> Қос ойын қорытындысы бойында германиялық команда 7:1 есебімен ұтып, келесі кезеңге шықты. 

Ал «Барселона» өз алаңында «Наполиді» 3:1 есебімен жеңіп, ширек финалға шықты. Бұл командалар бірінші кездесуде 1:1 есебімен тең ойнаған. 

Бұдан бір күн бұрын <span>«Манчестер Сити» мен «Лион» ширек финал жолдамасына ие болған.</span>

«Манчестер Сити» өз алаңында «Реалды» 2:1 есебімен жеңді. Қос ойын қорытындысы бойында Пеп Гвардиола баптайтын команда 4:2 есебімен ұтып, келесі кезеңге шықты. 

«Ювентус» өз алаңында «Лионды» 2:1 есебімен ұтқанымен,<span> </span>қонақтағы голдың арқасында франциялықтар «қарт сеньораны» артта қалдырды.

Осылайша, Чемпиондар лигасының 2019/20 жылғы ширек финалына қатысушылардың барлығы анықталды.

12 тамыз

«Аталанта» – «ПСЖ»

13 тамыз

«РБ Лейпциг» – «Атлетико»

14 тамыз

«Барселона» – «Бавария»

15 тамыз

«Манчестер Сити» – «Лион».

Айта кетейік, бұл кезеңде командалар бір матчтан ғана өткізеді. Барлық ойындар Лиссабонда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или