Чемпиондар лигасы: «Реал» Гвардиоланың командасынан тағы да ұтылып, турнирден шығып қалды

«Манчестер Сити» футболшылары Чемпиондар лигасының 1/8 финалының екінші матчында өз алаңында «Реалды» 2:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ағылшындық команда сапынан Рахим Стерлинг пен Габриэль Жезус гол соқты, ал испаниялықтар қатарынан Карим Бензема мергендігімен көзге түсті.
Ақпан айында Мадридте өткен алғашқы кездесуде де «Манчестер Сити» 2:1 есебімен ұтқан еді.
«Манчестер Сити» ширек финалда франциялық «Лион» командасымен кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или