Чемпиондар лигасы: «Ювентус» «Лионнан» өте алмады

Чемпиондар лигасы: «Ювентус» «Лионнан» өте алмады

«Ювентус» командасы Чемпиондар лигасының қарымта матчында «Лионды» өз алаңында 2:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Италиялық командадан Криштиану Роналду дубль авторы атанды. Мемфис Депай оған бір дәл соққымен жауап қатты.

Естеріңізге сала кетейік, Францияда өткен алғашқы кездесуде «Лион» 1:0 есебімен ұтқан еді. Қонақта соққан голдың арқасында франциялық команда ширек финалға жолдама алды. 

«Лион» келесі кезеңді ағылшындық «Манчестер Сити» командасымен кездеседі. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или