Әлем футболы

«Барселона» «Наполиді» жеңіп, 1/4 финалға жолдама алды

«Барселона» «Наполиді» жеңіп, 1/4 финалға жолдама алды
news-banner7
mobile-news-top

«Барселона» Чемпиондар лигасының 1/8 финалында «Наполи» командасын жеңіп, ширек финалға шықты, деп жазады Prosports.kz.

«Капм Ноу» стадионында өткен ойын 3:1 есебімен аяқталды.

Алаң иелері сапынан Клеман Ленгле, Лионель Месси және Луис Суарес (пенальтиден) гол соқты. Ал қонақтар сапынан жалғыз голды Лоренцо Инсинье соқты.

Чемпиондар лигасы. 1/8 финал, қарымта ойын:

«Барселона» (Испания) – «Наполи» (Италия) – 3:1

Гол соққандар: Ленгле, 10; Месси, 23; Суарес, 45+1 (пенальти) — Инсинье, 45+5.

Айта кетейік, қос команда арасындағы алғашқы кездесу 1:1 есебімен аяқталған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер