Шарипова - Очигава жекпе-жегі тағы да кейінге шегерілді

Қазақстандық боксшы Фируза Шарипова (10-1, 5 КО) ресейлік Софья Очигаваға қарсы жекпе-жегінің кейінге шегерілгенін жариялады, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы спортшы инстаграм желісіндегі жеке парақшасында хабарлады.
«Достар, менде нашар жаңалықтар бар! Коронавирусқа байланысты Қазан қаласындағы оқу-жаттығу жиынына уақытында бара алмайтын болдым. Сондықтан София Очигавамен жекпе-жегім кейінге қалдырылды.
Өкінішке орай, София келесі кездесуін басқа боксшыға қарсы өткізеді. Ол жайлы кейінірек айтып беремін... Маған жақын уақытта Қазанға жетуге кім көмектесе алады, жекеге жазыңыз», - деп жазды Фируза.
Бұған дейін Шарипова мен Очигава арасындағы кездесу 19 шілдеде өтетіні хабарланған.
Аталған жекпе-жек үшінші рет кейінге қалдырылып отыр. Әу баста кездесу 19 маусымда өтеді деген ақпарат шықты. Кейін кездесу 19 маусымнан 4 шілдеге шегерілді. Араға аз уақыт салып, бокс кеші Бокс күні мерекесіне орай 4 шілдеден 19 шілдеге ауыстырылған болатын.
Айта кетейік, спортшы өзінің кәсіби мансабын София Очигаваға қарсы жекпе-жектен бастады. 2016 жылдың 21 мамырында Мәскеуде өткен жекпе-жекте ресейлік боксшы жеңіске жетті.

Шарипова - Очигава жекпе-жегі өтетін уақыт анықталды

Шарипова - Очигава жекпе-жегі кейінге шегерілді

Фируза Шарипова Олимпиада жүлдегерін нокаутқа жіберуге уәде етті

Фируза Шарипова жаңа промоутерлермен төрт жекпе-жек өткізу туралы келісімшартқа отырды