Шарипова - Очигава жекпе-жегі кейінге шегерілді

Шарипова - Очигава жекпе-жегі кейінге шегерілді

Ratel Pro Fight промоутерлік компаниясы қазақстандық боксшы Фируза Шарипова мен ресейлік Софья Очигава арасындағы кездесуді кейінге шегеру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ұйымдастырушылар турнирді 19 маусымнан 4 шілдеге шегерді. Бұған әрине коронавирустың таралуына байланысты енгізілген карантин себеп болып отыр. Компания осы уақытқа дейін карантин шаралары жеңілдеп, турнирдің өтуіне мүмкіндік туады деп үміттенеді.

Айта кетейік, аталған бокс кеші <span>Татарстан астанасы Қазан қаласында 19 маусым күні өтеді деп жоспарланған.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или