Бокс

Фируза Шарипова Олимпиада жүлдегерін нокаутқа жіберуге уәде етті

Фируза Шарипова Олимпиада жүлдегерін нокаутқа жіберуге уәде етті
news-banner7
mobile-news-top

Әлем чемпионы қазақстандые Фируза Шарипова (10-1, 5 КО) Олимпиаданың финалисі София Очигавамен жекпе-жекке дайындықты бастағанын айтты.

«4 мамырдан бастап жаттығуды бастадым. Әрине, қазір олар карантинге байланысты біз қалағандай жүріп жатқан жоқ. Сонымен қатар, біз диетологпен және жалпы фитнес жаттықтырушысымен бірге жұмыс жасаймыз. Бокс жаттығулары біраз уақыттан кейін басталады. Мен оралдым және 4 шілдеде София Очигаваны нокаутқа жіберемін», - деп жазды инстаграмда Шарипова.

Айта кетейік, спортшы өзінің кәсіби мансабын София Очигаваға қарсы жекпе-жектен бастады, бірақ жеңіліске ұшырады. Еске салайық, 4 шілдеде Қазанда Ratel Pro Fight промоутерлік компаниясының турнирінде Очигава - Шарипова реваншы өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер