Бокс

Шарипова - Очигава жекпе-жегі өтетін уақыт анықталды

Шарипова - Очигава жекпе-жегі өтетін уақыт анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Фируза Шарипова (10-1, 5 КО) ресейлік Софья Очигаваға қарсы жекпе-жегінің қашан өтетінін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Достар! Менің жұдырықтасатын күнім ақыры анықталды! 19 шілде, Қазан қаласы! Іс-шара Бокс күні мерекесіне орай 4 шілдеден 19 шілдеге ауыстырылды. Біз бокс федерациясының мақұлдауын және қала басшылығынан барлық рұқсаттарды алдық, өйткені Қазан қаласының эпидемиологиялық жағдайы қолайды. Сондықтан бокс кешінің уақыты енді өзгере қоймайды.

Жаттығуды 4 мамырда бастадым және үзіліске дейінгі бабыма келдім. Алдағы уақытта көптеген титулдар жеңіп алу үшін, осы жолы София Очигаваны жеңуге бел буып отырмын», - деп жазды Инстаграмдағы Шарипова.

Бұған дейін Шарипова мен Очигава арасындағы кездесу 4 шілдеде өтетіні хабарланған.

Айта кетейік, спортшы өзінің кәсіби мансабын София Очигаваға қарсы жекпе-жектен бастады. 2016 жылдың 21 мамырында Мәскеуде өткен жекпе-жекте ресейлік боксшы жеңіске жетті.

Шарипова - Очигава жекпе-жегі кейінге шегерілді

Фируза Шарипова Олимпиада жүлдегерін нокаутқа жіберуге уәде етті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер