Теннис

Джокович COVID-19 індетінен запа шеккендерге қолдау көрсетуді жалғастырып жатыр

Джокович COVID-19 індетінен запа шеккендерге қолдау көрсетуді жалғастырып жатыр
news-banner7
mobile-news-top

Әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джокович #allinchallenge-ге коронавирус пандемиясынан зардап шеккен американдықтарды қолдауға қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен #allinchallenge бағдарламасына қатысқаныма қуаныштымын. Өкінішке орай, бұл Америкадағы көптеген отбасылар үшін қиын уақыт, сондықтан олар біздің көмегіміз бен қолдауымызға олар зәру. Адамдарды тамақпен қамтамасыз ету үшін осы керемет науқанға қосылыңыз - бұл Америка мен әлемдегі әр адамның басты қажеттілігі және құқығы», - деді Джокович. Және ол эстафетаны Серена Уильямсқа, баскетболшы Леброн Джеймс пен актер Джерард Батлерге жолдады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін серб теннисшісі коронавируспен күресу үшін өз елі мен Италияның Бергамо провинциясы үшін қайырымдылық жасаған.

Джокович: Дәл қазір мені теннис мүлде қызықтырмайды

Джокович әйелімен Бергамодағы ауруханаларға көмек көрсетті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер