Теннис

Джокович әйелімен Бергамодағы ауруханаларға көмек көрсетті

Джокович әйелімен Бергамодағы ауруханаларға көмек көрсетті
news-banner7
mobile-news-top

Сербиялық теннисші Новак Джокович пен оның әйелі Елена коронавирус індетінен қатты зардап шеккен Бергамо провинциясындағы Тревильло және Романо-ди-Ломбардия қалаларының ауруханаларына қайырымдылық көмек көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz Championat.com сайтына сілтеме жасап.

Жиналған ақша мөлшері көрсетілмеген. Бұл қаражат медициналық жабдықтар, халаттар, маскалар, респираторлар және басқа да жеке қорғаныс құралдарын алуға жұмсалды.

Италия Еуропадағы COVID-19 індетінен ең көп зардап шеккен елдерінің біріне айналды. Бүгінгі күнге дейін Италияда коронавирусты 172,434 адам жұқтырған. 42 727 адам жазылса, 22 745 адам қайтыс болды.

Жалпы, әлемде 2 240 191 коронавирус оқиғасы тіркелді, 568 343 адам сауығып, 153 822 адам көз жұмды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер