ММА

Хабиб: Фергюсон де, Конор да менің деңгейімде емес

Хабиб: Фергюсон де, Конор да менің деңгейімде емес
news-banner7
mobile-news-top

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы (70 келі) Хабиб Нурмагомедов ESPN MMA журналисі Бретт Окамотоға берген сұхбатында Тони Фергюсонмен шайқас төңірегіндегі жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Нурмагомедовтың айтуынша, UFC компаниясы UFC 249 турнирі АҚШ-та өтпейді деп уәде берген. Сондықтан ресейлік спортшының командас Ресейге қайтып, содан кейін іс-шара өткізілуі керек БАӘ-ге ұшуды ұйғарған.

30 наурызда файтер UFC 249 турнирінде жекпе-жекке шықпайтынын айтты. Себебі ұйым бастапқы сөзінен тайған. Компания әлі күнге дейін турнирдің қай жерде өтетіні туралы хабарлаған жоқ.

«Мен Америка Құрама Штаттарынан 17 немесе 18 наурызда ұшып кеттім. Дана Уайтпен хат жазысқан едік. Маған алаңдауға себеп жоқ екенін айтты. Ол жекпе-жек Абу-Дабиде өтетініне 99 пайыз сенімдімін деп мәлімдеді. Неліктен АҚШ-қа ұшуым керек, егер олар шайқас болмайды деп айтса. Біздің кетуімізге бір күн қалғанда олар Сан-Францисконы жауып тастады».

Хабиб сонымен қатар Тони Фергюсонге де жауап берді. Ол компания Нурмагомедовты чемпиондық белбеуінен айыруы керек деп айтқан болатын.

«Мен бұған қалай қараймын? Ол ақымақ. Егер бұл менің қателігім болса, бердім сол чемпиондық белбеуімді. 2018 жылдың сәуірінде бұл оның қателігі болды. Қазір коронавирус. Мен чемпион болсам, Тони әрдайым уақытша чемпион болады, ал Конор екінші нөмірде. Олардың чемпиондықтарының құны бес тиын, менің деңгейімде емес».

Уайт: Хабиб - Фергюсон шайқасы 18 күннен кейін Жер шарында өтетіні анық

UFC Нурмагомедов - Фергюсон шайқасының уақытында өтетініне сеніп отыр

UFC Нурмагомедов - Фергюсон жекпе-жегіне қатысты ресми мәлімдеме жасады

Нурмагомедов - Фергюсон жекпе-жегі Нью-Йоркте өтпейді

Хабиб Фергюсонның белбеуін аяғымен ысыра теуіп жіберді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер