ММА

Хабиб Фергюсонның белбеуін аяғымен ысыра теуіп жіберді (видео)

Хабиб Фергюсонның белбеуін аяғымен ысыра теуіп жіберді (видео)
news-banner7
mobile-news-top

Лас-Вегаста UFC ұйымының жеңіл салмақтағы чемпионы Хабиб Нурмагомедов пен бұрынғы уақытша чемпионы Тони Фергюсон арасындағы жекпе-жекке қатысты алғашқы баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Іс-шара көз түйістірумен аяқталуы керек еді, алайда спортшылар сахнаға шыққан кезде эмоцияға ерік берді. Фергюсон Хабибті ызаландыру мақсатында түрлі әрекетке барды. Одан кейін өзінің чемпиондық белбеуін еденге қойып, ресейлікті де солай етуге шақыра бастады. Нурмагомедов одан бас тартты және сөзге келісе алмай, Фергюсонның белдігін аяғымен ысыра тепті.

Осыдан кейін UFC президенті Дэйна Уайт күзетшілердің көмегімен спортшыларды ажыратып жіберді.

Еске сала кетелік, Нурмагомедов пен Фергюсон арасындағы жекпе-жек 18 сәуірде Бруклинде (Нью-Йорк, АҚШ) UFC 249 турнирі кезінде өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер