Саламат Исбулаев төрешілер шешімімен жеңіліс құшты

Саламат Исбулаев төрешілер шешімімен жеңіліс құшты

Қазақстандық файтер Саламат Исбулаев (10-0) АҚШ-тың Калифорния штатындағы Сан-Диего қаласында өткен PFL аралас жекпе-жек турнирінде бақ сынады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Басты шайқаста Исбулаев америкалық Эй Джей МакКимен (24-2) кездесті. Жартылай жеңіл салмақта өткен жекпе-жек үш раундқа жоспарланған болатын. Америкалық спортшы төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

МакКидің кәсіби MMA мансабындағы 25-ші жеңісіне қол жеткізсе, Саламат Исбулаев алғашқы жеңілісіне ұшырады. 




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или