Закир Найманбаев келесі кездесуін қашан өткізетінін білді
Power Slap ұйымы қазақстандық ауыр салмақтағы спортшы Закир Найманбаевтың келесі кездесуін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
30 шілдеде Сербияның Белград қаласында өтетін турнирде Найманбаев канадалық Райан Кенниге қарсы шығады.
Қазіргі таңда Закир Найманбаев Power Slap ауыр салмақ рейтингінде екінші орында тұр. Ал оның қарсыласы Райан Кенни әзірге үздік ондыққа енбеген.
Қазақстандық спортшы соңғы жекпе-жегін наурыз айында өткізіп, америкалық Уэсли Менаны төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңген болатын. Ал Кенни соңғы рет былтыр қазан айында өнер көрсетіп, америкалық Брайс Джонсты екінші раундта нокаутпен жеңген.
Бакудегі UFC турнирі: Асу Алмабаев сенсациялы жеңіске жетті!
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или