ММА президенті Рахмоновтың әлеуетін жоғары бағалады

ММА президенті Рахмоновтың әлеуетін жоғары бағалады

Қазақстан ММА ұлттық федерациясының президенті Сағындық Мекеев жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың UFC чемпионы атану мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz

«Шавкаттың чемпион атануға мүмкіндігі өте жоғары. Ол – өте талантты, мінезі мықты спортшы. Мен оны 17-18 жасынан, Қазақстан және әлем чемпионы болған кезінен жақсы танимын. UFC турнирлеріне бірге барғанбыз. Ең бастысы – жарақаттарын толық емдеп, октагонға сәтті оралуы керек. Егер келесі жекпе-жегінде жарқын жеңіске жетсе, титулдық кездесу алуына толық мүмкіндігі бар. Барлығы өз қолында. Біз де оған қолдау көрсетуіміз қажет», – деді Мекеев.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында өткізіп, ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген болатын.

Осыдан кейін қазақстандық файтер жарақатынан айығумен айналысып жүр. 2026 жылдың басында ол UFC-дің жартылай орта салмақтағы рейтингінен шығарылды. Бұған дейін Рахмонов аталған рейтингте екінші орында тұрған еді.

Бакудегі UFC турнирі: Асу Алмабаев сенсациялы жеңіске жетті!

Бекзат Алмаханның жекпе-жегі күтпеген шешіммен аяқталды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или