Джон Джонс Царукян мен Топурия жекпе-жегінде кім жеңетінін айтты
Аңызға айналған америкалық файтер Джон Джонс Арман Царукян (23-3) пен Илья Топурия (17-1) арасындағы болуы мүмкін жекпе-жек туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Арман кез келген күні Топурияны жеңеді. Кез келген күні», - деді Джонс IBA Bare Knuckle турнирінде.
Айта кетейік, Илья Топурия кейінгі жекпе-жегінде америкалық Джастин Гэтжиден (28-5) сенсациялық жеңіліске ұшырап, UFC жеңіл салмақтағы титулынан айырылды. Бұл грузиндік файтердің кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісі болды. Арман Царукян кейінгі жекпе-жегінде жаңа зеландиялық Дэн Хукерді (24-14) екінші раундта жеңді. Қазіргі уақытта Топурия UFC жеңіл салмақтағы рейтингінде бірінші орында, ал Царукян екінші орында тұр.
ММА президенті Рахмоновтың әлеуетін жоғары бағалады
Бакудегі UFC турнирі: Асу Алмабаев сенсациялы жеңіске жетті!
Бекзат Алмаханның жекпе-жегі күтпеген шешіммен аяқталды