ММА

UFC Нурмагомедов - Фергюсон жекпе-жегіне қатысты ресми мәлімдеме жасады

UFC Нурмагомедов - Фергюсон жекпе-жегіне қатысты ресми мәлімдеме жасады
news-banner7
mobile-news-top

UFC жеңіл салмақтағы белбеу иегері ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен америкалық Тони Фергюсон арасындағы жекпе-жектің Бруклинде (Нью-Йорк) мүмкін болмайтындығын ресми растады. Шешім Нью-Йорк штатының атлетикалық комиссиясының нұсқауларына сәйкес қабылданды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Аталған шара Бруклиндегі Барклайс орталығында өтпейді. Шешім Нью-Йорк штатының атлетикалық комиссиясының нұсқауларына, сондай-ақ Нью-Йорк штатының үлкен жиналыстар өткізуге қойылған шектеулеріне сәйкес қабылданды.

Қосымша мәліметтер, соның ішінде турнирдің жаңа орны расталып, бектілігеннен кейін жарияланады. Билет иелері толық қайтаруды талап ете алады. Интернет пен телефонға арқылы тапсырыс бергендердің билеттері қайтарылады», - деп хабарлады UFC.

Нурмагомедов пен Фергюсон арасындағы жекпе-жек 18 сәуірде өтеді. Бұған дейін UFC президенті Дэйна Уайт жекпе-жектің өтетінін, алайда оның болатын жері АҚШ-та емес екеніне сендірген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер