Бокс

Андраденің келесі қарсыласы Головкин болуы мүмкін

Андраденің келесі қарсыласы Головкин болуы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Деметриус Андраде (29-0, 18 KO) келесі жекпе-жегінде екінші орта салмақтағы әлем чемпионы Билли Джо Сондерспен (29-0, 14 КО) жұдырықтаспайды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы америкалық боксшының промоутері Эдди Хирн мәлімдеді.

Сонымен қатар, Хирн Андраде кездесуі мүмкін төрт қарсыластың атын атады. Олар: Саул «Канело» Альварес, Геннадий Головкин, Джермалл Чарло және Хайме Мунгия.

Айта кетейік, Деметриус Андраде Майамидегі Island Gardens аренасында өткен соңғы жекпе-жегінде ирландиялық Люк Килэрді (17-3-1, 5 КО) нокаутқа түсіріп, чемпиондық атағын үшінші рет қорғап қалған болатын. 31 қаңтарда өткен осы жекпе-жектен кейін Андраде 168 фунтқа көтеріліп, осы салмақтағы WBO чемпиондық белбеуінің иегері Сондерспен жұдырықтасатынын мәлімдеген.

Головкин мен Андраде кездессе, кім жеңеді?

Головкиннің жекпе-жегі тағы да кейінге шегерілуі мүмкін

Жанкүйерлер «Канело» - GGG жекпе-жегін күтіп жүр

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер