Бокс

IBF Головкиннен чемпиондық атағын қорғауды талап етті

IBF Головкиннен чемпиондық атағын қорғауды талап етті
news-banner7
mobile-news-top

IBF Геннадий Головкиннен орта салмақтағы әлем чемпионы атағын қорғауды талап етті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аталған ұйым қазақстандық боксшыға міндетті қарсылас ретінде Польша боксшысы Камил Шереметаны ұсынып отыр.

Бұл туралы отандасымыздың промоутері Эдди Хирн айтты.

Matchroom Boxing басшысының айтуынша, Шеремета тарапымен келіссөздер сәтті өтті. Жекпе-жек 8 ақпанда Чикагодағы Wintrust Аренада өтуі мүмкін екен. Бұған дейін поляк боксшысының менеджері Андрей Василевский де екіжақты келіссөздер жайлы атқан еді.

Хирн сонымен қатар, Головкин Шереметамен кездесуден кейін мамыр айында Сауль Альвареспен жұдырықтасуға дайын екенін жеткізді.

Ал RingPolska басылымының жазуынша, міндетті қарсылас Шеремента чемпиондық жекпе-жек үшін 250 мың доллар жалақы алады. Бұл спортшының мансабындағы ең үлкен сыйақы болмақ.

Камил Шеремета Головкинмен кездесуге дайын екенін айтты

Головкин және өзге 4 боксшы. «Канелоның» келесі қарсыласы кім

Головкин IBF титулын қорғайды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер