Бокс

Головкин IBF титулын қорғайды

Головкин IBF титулын қорғайды
news-banner7
mobile-news-top

IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Камил Шереметаға қарсы жекпе-жекке шығуға келісім берді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

ESPN журналисі Дэн Рафаэльдің хабарлауынша, екі боксшы жекпе-жек өткізу туралы өзара келісімге келген. Айқас келесі жылдың ақпан айының аяғында немесе наурызда өтуі мүмкін.

Аталмыш кездесуде GGG өзіне тиесілі IBF титулын қорғайды.

Естеріңізге сала кетелік, 6 қазанда украиналық боксшы Сергей Деревянченконы төрешілер шешімімен жеңген Головкин Мексика боксшысы Сауль «Канело» Альвареспен үшінші жекпе-жегін өткізуге үмітті. Ал Альварес Геннадиймен шықпайтынын мәлімдеді. Дей тұрғанмен DAZN стримингтік қызметі 13 қазанда қос боксшының арасындағы кездесудің өтетінін хабарлаған болатын.

Головкин шаршы алаңға 29 ақпанда оралады

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер