Бокс

Камил Шеремета Головкинмен кездесуге дайын екенін айтты

Камил Шеремета Головкинмен кездесуге дайын екенін айтты
news-banner7
mobile-news-top

Польша боксшысы Камил Шереметаның менеджері Андрей Василевский әлем чемпионы Геннадий Головкинмен келіссөздер туралы айтты, деп жазады Prosports.kz.

Поляк боксшысы әсілі EBU чемпиондық атағын қорғауды жоспарлап жүрген. Алайда оған Головкинмен кездесуге мүмкіндік туып тұр. Ол бұл мүмкіндікті жіберіп алғсы келмейді.

«Біз дайынбыз. Камил Шеремета - өте жігерлі спортшы. Ол GGG сияқты аңызбен кездесуді армандайды. Бұл оның мақсаты», - деді Василевский.

Менеджердің айтуынша, жекпе-жек 8 немесе 29 ақпанда, Чикагодағы Wintrust Аренада өтуі мүмкін. Себебі ол қалада поляк халқының ірі диаспорасы тұрады.

Головкин және өзге 4 боксшы. «Канелоның» келесі қарсыласы кім

Головкин IBF титулын қорғайды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер