Бокс

Головкин және өзге 4 боксшы. «Канелоның» келесі қарсыласы кім

Головкин және өзге 4 боксшы. «Канелоның» келесі қарсыласы кім
news-banner7
mobile-news-top

Мексикалық боксшы Сауль Альварес ресейлік Сергей Ковалевті жеңгеннен кейін Sky Sports «Канелоның» келесі қарсыласы кім болатынын болжап көрді, деп жазады Prosports.kz.

Шетелдік телеарна Альварес «Cinco de Mayo» ұлттық мерекесі кезінде рингке оралуы мүмкін деп санайды. Ол жұдырықтасуы мүмкін бес боксшының қатарында қазақстандық Геннадий Головкин де бар. Бәріміз білетіндей отандасымыз орта салмақта өнер көрсетеді.

Өзге төрт боксшының салмағы сәл ауырлау. Мәселен «Канело» кездесуі мүмкін келесі қарсыластар: Каллум Смит пен Билли Джо Сондерс супер орта салмақтағы чемпиондар. Ал Дмитрий Бивол мен Артур Бетербиев жартылай ауыр салмақ категориясында.

Естеріңізге сала кетейік, қолда бар ақпараттарға сенсек, Головкин 2020 жылдың мамыр айында Альвареспен реванш өткізгісі келді. Бірақ оған дейін, ақпан айында IBF титулын қорғауы керек. Отандасымыздың ол кездесудегі қарсыласы Камил Шеремета болмақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер