Артаев: Головкин - Деревянченко жекпе-жегі екі бөлікке бөлінеді

Бокстан 2004 жылғы Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев, Геннадий Головкиннің Сергей Деревянченкомен болатын жекпе-жегіне болжам жасады.
- Шындығына келсек, бұл барлық бокс жанкүйерлері көргісі келетін жекпе-жектің бірі. Бұл жекпе-жектің болатынына қуаныштымын. Екі чемпион, екі мықты боксшы өте әдемі бокс көрсетеді деп сенемін.
- Сіз Сергей Деревянченкомен екі рет рингке шығып, жеңімпаз атандыңыз. Ол рингте қандай?
- Головкин де, Деревянченко да керемет боксшылар. Сергей өте шыдамды: мінезінің арқасында раунд өткен сайын қарқын қосып, қарсыласын «сындырады». Геннадий соққыларымен кез-келген раундта қарсыласын жеңе алады, ал Деревянченко мұны негізінен алтыншы раундтан кейін жасайды. Егер ол GGG-дан алтыншы раундқа дейін ауыр соққы жіберіп, ұтылып қалмаса, жетінші раундтан кейін Генаға қиын болады. Қалай болғанда да, мен досыма қолдау көрсетіп, оған жеңіс тілеймін - деді Артаев.
Көрмедім демеңіздер, мен оны нокаутқа жіберемін - Головкин
Головкин Деревянченкодан қорқатынын тағы да мойындады
Головкин - Деревянченко. Кездесу апталығы басталды
Әлемнің қанша елінде Головкиннің жекпе-жегін көрсетеді
<h4 class="title">Головкин алдағы жекпе-жегіне дайындығы туралы айтты</h4> <h4 class="title">Головкин — Деревянченко: Жекпе-жек алдында</h4>