Головкин - Деревянченко: Кездесу апталығы басталды

Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен украиналық Сергей Деревянченко арасындағы жекпе-жек апталығы ресми түрде басталады, деп жазады Prosports.kz.
Боксшылар мен олардың командасы жексенбі күні таңертең өтетін жекпе-жекке дейін арнайы кесте бойынша дайындалатын болады.
GGG vs Деревянченко
Жекпе-жек алдындағы аптаның кестесі
1 қазан
Боксшылар Madison Square Garden-де ашық жаттығу өткізеді. Бұл шараның басталуы Нұр-Сұлтан уақыты 22:00-ге жоспарланған.
3 қазан
3 қазанда баспасөз конференциясы өтеді.
4 қазан
Ресми салмақ өлшеу рәсімі. Манхэттен орталығында өтеді (Нұр-Сұлтан уақытымен сенбіге қараған түні 2:00-де).
6 қазан (жексенбі таңертең)
Головикн vs Деревянченко бокс кешінің басталуы
Естеріңізге сала кетейік, Головкин осыдан бір күн бұрын Нью-Йоркке келген болатын.
* Кестеде Нұр-Сұлтан уақыты көрсетілді
Головкин алдағы жекпе-жегіне дайындығы туралы айтты
Головкин — Деревянченко: Жекпе-жек алдында
Головкин-Деревянченко жекпе-жегінде тағы бір титул сарапқа салынады
Жаңа бапкермен жаттыққан Головкин қалай өзгерді