Бокс

Головкин алдағы жекпе-жегіне дайындығы туралы айтты

Головкин алдағы жекпе-жегіне дайындығы туралы айтты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстанның бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин украиналық Сергей Деревянченкомен жекпе-жекке дайындықты жалғастыруда, деп хабарлайды Prosports.kz.

GGG америкалық бапкері Джонатон Бэнкстің жетекшілігімен өткізген жаттығуларына көңілі толады. Әрі бұл жаттығулар өзінің бар арсеналын рингте көрсетуге мүмкіндік береді деп есептейді.

«Менде мүлдем басқа идеялар, боксшылық интеллектіме байланысты мүлде жаңа жолдар қалыптасты. Оны 5 қазанда көрсетемін. Әрине мен 100% өзгерген жоқпын. Екі-үш айда өзіңді толық өзгерту мүмкін емес. Бэнксте көптеген идеялар бар. Біз күн сайын көп жұмыс істеудеміз. Өзімнің бұрынғыдан әлдеқайда мықты бола түскенімді сезінудемін».

«Мен бокста жылдамдыққа, уақытқа, комбинацияға көбірек қызығушылық танытамын, қазіргі таңда менің стилім өзгерді», - деп толықтырды Головкин. - Бұл стиль мен үшін әлдеқайда ыңғайлы. Кейде жанкүйерлеріңе бар шеберлігіңді көрсеткің келеді және оны жасауға барынша тырысасың. Қазір бізде аралас стиль бар. Егер мүмкіндік болса мен оны нокаутқа түсіре аламын. Мен оны жеңемін».

Айта кетейік, Головкин 5 қазан күні Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden кешенінде украиналық боксшы Сергей Деревянченкомен жекпе-жек өткізеді. Бұл кездесуде орта салмақтағы IBF тұжырымының белдігі сарапқа салынады.

Головкин — Деревянченко: Жекпе-жек алдында

Головкин-Деревянченко жекпе-жегінде тағы бір титул сарапқа салынады

Жаңа бапкермен жаттыққан Головкин қалай өзгерді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер