Бокс

Головкин Деревянченкодан қорқатынын тағы да мойындады

Головкин Деревянченкодан қорқатынын тағы да мойындады
news-banner7
mobile-news-top

Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин украиналық былғары қолғап шебері Сергей Деревянченкомен болатын жекпе-жек алдында өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

"Мен қатты қобалжып тұрмын. Жекпе-жекті асыға күтіп жүрмін. Екінші үйіме (Нью-Йорк қаласы- ред) қайта оралғаныма қуаныштымын. Қолдау үшін рахмет. Әрине, мен бұл кездесуді жақсы өткізгім келеді. Мен әлемдегі ең мықты мамандармен жұмыс істеймін. Қарсыласымыз Сергей де өте мықты. Оны ұзақ жылдар бойы білемін, ол нағыз қайтпас қайсар жігіт.

Бұл нағыз шайқас. Егер шынымды айтсам, мен аздап қорқамын, өйткені мен өте мықты боксшыға қарсы жұдырықтасуым керек. Сырт көзге керемет көрінеді, өзінің уақыты келгенін де жақсы түсініп жүр. Бірақ ешкім бәрі қалай өтетінін білмейді", - деді Головкин.

Головкин мен Деревянченко өткізген ашық жаттығудың видеосы

Головкин - Деревянченко. Кездесу апталығы басталды

Әлемнің қанша елінде Головкиннің жекпе-жегін көрсетеді

«Головкин соққының астында қалады»

Головкин алдағы жекпе-жегіне дайындығы туралы айтты

Головкин — Деревянченко: Жекпе-жек алдында

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер