«Astana Arlans» қытайлық клубты 5:0 есебімен жеңді
Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) сегізінші маусымында бақ сынап жатқан «Астана арландары» жаңа маусымдағы алтыншы кездесуін «China Dragons» командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды prosports.kz сайты.
Бүгінгі кездесуде 5:0 есебімен жеңіске жеткен отандастарымыз жартылай финалға жолдама алды.

Жеребе бойынша «Astana Arlans» Азия аймағындағы топта Қытай - «China Dragons», Үндістан -«Indian Tigers» және Ресей - «Patriot Boxing Team» құрамаларымен бір топқа түскен болатын.

Бұл астаналықтардың топтық кезеңдегі соңғы кездесуі болатын. Осыған дейін отандастырымыз бес кездесудің төртеуінде жеңіске жеткен.
Отандастармыз алғашқы кездесуін Қарағанды қаласында «Indian Tigers» командасына қарсы өткізіп, қарсыластарын 4:1 есебімен оңай ұтқан еді.

Екінші кездесуінде ресейлік «Patriot Boxing Team» клубын Бурабайда қабылдап 5:0 есебімен жеңген.

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен үшінші кездесуінде астаналықтар дәл сол қарсыласына дәл сондай есеппен есе жіберді.
Төртінші кездесуде астаналықтар Үндістан еліне қонаққа барып, жергілікті «Indian Tigers» клубын 2:3 есебімен жеңіп қайтты.
Бесінші кездесуде дәл бүгінгі қарсыластары қытайлық команданы сырт алаңда 0:5 есебімен жеңген болатын.

Ал бүгін Тараз қаласында өтіп жатқан кездесуде бірінші болып өнер көрсеткен 52 келі салмақ дәрежесіндегі Сәкен Бибоссынов 3:0 есебімен Гуо Чжанды жеңді.

Екінші болып шаршы алаңға шыққан Әлімжан Бескемпір (60 келі) Ву Юфэнды оңай ұтты. Есеп 3:0

Ал үшінші жекпе-жекте еліміздің ең талантты боксшыларының бірі Асланбек Шымбергеновқа (69) Таксымаймайти Хайшаер еш қарсылық таныта алмады. Отандасымыз 3:0 есебімен айқын жеңді.

Осылайша, «Aстана арландары» бұл кездесудің тағдырын уақытынан бұрын шешті. Есеп 3:0. Ал қалған екі жекпе-жек қытайлық командаға көмектесе алмайтын еді.

Сонда да, тізгін тартпай шабуылдаған қазақстандықтар төртінші жекпе-жекте де жеңіске жетті. 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бокстасқан Бек Нұрмағамбет қарсыласы Гегарибу Цзэнді жеңді.

Ал аса ауыр салмақта Нұрсұлтан Аманжолов (+91) қытайлық құраманың латвиялық легионерімен жұдырықтасты. Тартысқа толы кездесу 3:0 есебімен Нұрсұлтанның пайдасына шешілді.

Алғашқы кездесуде қазақстандықтардың «China Dragons» командасын 0:5 есебімен жеңгенін ескерсек, қос команда арасындағы жалпы есеп 10:0 болды.