«Astana Arlans» жаңа маусымдағы үшінші жеңісіне жетті
Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) сегізінші маусымында бақ сынап жатқан «Астана арландары» жаңа маусымдағы төртінші кездесуін «Indian Tigers» командасына қарсы өткізіп, 2:3 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды prosports.kz сайты.
Жеребе бойынша «Astana Arlans» Азия аймағындағы топта Қытай - «China Dragons», Үндістан -«Indian Tigers» және Ресей - «Patriot Boxing Team» құрамаларымен бір топқа түскен болатын.

Отандастармыз алғашқы кездесуін Қарағанды қаласында «Indian Tigers» командасына қарсы өткізіп, қарсыластарын 4:1 есебімен оңай ұтқан еді.

Екінші кездесуінде ресейлік «Patriot Boxing Team» клубын Бурабайда қабылдап 5:0 есебімен жеңген.

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен үшінші кездесуінде астаналықтар дәл сол қарсыласына дәл сондай есеппен есе жіберді.

Үндістан елінде өтіп жатқан бүгінгі кездесуде алғашқы болып алаңға шыққан 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі Шиам Кумар Какара мен Теміртас Жүсіпов жұбында біздің боксшының мерейі үстеп болды. Төрешілер 1:2 (45:50, 47:48, 48:47) есебімен Теміртастың жеңісін мойындады.

Алайда, екінші болып шаршы алаңға көтерілген Нұрсұлтан Кошеғұлов (56 келі) қарсыласы Эташ Хан Мухаммедке 3:0 есебімен есе жіберіп алды.

Ал үшінші болып өнер көрсеткен Ділмұрат Мижитов (64) жергілікті боксшы Дхеерайды ұпай санының басымдығымен жеңді. Есеп, 1:2 (45:50, 47:48, 48:47).

Бүгінгі төртінші жекпе-жекте өте талантты боксшымыз Әбілхан Аманқұл (75) қарсыласы Ашиш Кумарды айқын басымдылықпен 0:3 (45:49, 45:50, 46:49) жеңді.

Ең соғы болып 91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Санджет Санджет пен Әбілхаир Тұрланбек жұдырықтасты. Өкіншіке орай, 23 жастағы боксшымыз қарсыласына есе жіберіп алды. Жекпе-жектің есебі, 2:1 (46:49, 50:45, 50:45) болды.
Алғашқы кездесуде қазақстандықтардың «Indian Tigers» командасын 4:1 есебімен жеңгенін ескерсек, қос команда арасындағы жалпы есеп 7:3 болды.