Недовесов Сен-Бриеде Землядан басым түсті

Недовесов Сен-Бриеде Землядан басым түсті

Александр Недовесов франциялық Сен-Бриеде өтіп жатқан «Челленджердің» екінші айналымына шықты. Бірінші кезеңде ол словениялық Грега Земляны қапы қалдырды.

Бұл кездесуде тек бірінші партияда ғана тартысты ойын өрбіді, тіпті, теннисшілер тай-брейкке дейін жеткен. Мұнда Александр басым болды. Ал екінші сетте жеті гейм ғана ойналып, оның алтауын қазақстандық теннисші өз еншісіне жазды. 1 сағат, 12 минутқа созылған матчта қазақстандық жеңіске жетті – 7:6, 6:1.

Келесі айналымда Недовесов ресейлік Карен Хачановпен күш сынасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или