Рыбакина US Open-2026 турниріндегі жеңістен кейін мәлімдеме жасады

Рыбакина US Open-2026 турниріндегі жеңістен кейін мәлімдеме жасады

Әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина «Үлкен дулыға» турнирлерінің барлығында жеңіске жетуді армандайтынын айтып, алдағы басты мақсаты «Ролан Гаррос» турнирінде чемпион атану екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сенбі күні Рыбакина финалда Арина Соболенконы жеңіп, US Open чемпионы атанды. Қазақстан өкілінің еншісінде 2022 жылғы Уимблдон және 2026 жылғы Australian Open турнирлерінің титулдары бар.

Рыбакинаға мансаптық «Үлкен дулыға» жинағы үшін тек «Ролан Гаррос» турниріндегі жеңіс жетіспейді. Қазақстандық теннисші бұл жарыста осы уақытқа дейін ширек финалдан әрі аса алған жоқ.

— «Үлкен дулығаның» төрт турнирінің бәрінде жеңіске жетіп, барлық жабында чемпион атану орасан зор жетістік. Мен үшін бұл теннистегі ең жоғары жетістік. Иә, қазір «Ролан Гаррос» турнирінде жеңіске жету, менің келесі мақсатым. Алдағы бірнеше жыл бойы командамен бірге осы мақсатқа жету үшін жұмыс істейміз. Оған қол жеткізуге тырысамыз, — деді Рыбакина Punto de Break басылымына.

Дүйсенбі күні Рыбакина Соболенконы басып озып, әлемдік рейтингте бірінші орынға көтерілді. 2026 жылы қазақстандық теннисшінің қоржынында үш титул бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или