Александр Зверев өзін әлемдегі үздік теннисші санай ма?

Александр Зверев өзін әлемдегі үздік теннисші санай ма?

Александр Зверев АҚШ ашық чемпионатындағы жеңісінен кейін әлемдік теннистегі қазіргі жағдайына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Германиялық спортшыдан қазіргі таңда өзін әлемдегі ең мықты теннисші санай ма деген сұрақ қойылды.

13 қыркүйекте өткен US Open финалында Зверев америкалық Бен Шелтонмен кездесті. Германиялық теннисші төрт сетте 6:3, 7:6 (7:2), 5:7, 6:2 есебімен жеңіске жетіп, мансабында алғаш рет Нью-Йорктегі турнирдің басты жүлдесін иеленді.

«Бұған қалай жауап берерімді білмеймін. Барлық жағдайды ескеру керек. Янник Синнер жарақат алып қалды, ал Карлос Алькарас жарақатына байланысты төрт айға жуық уақыттан кейін қайта оралды. Егер дәл қазіргі сәт туралы айтатын болсақ, онда, бәлкім, иә.

Екеуі де сау болып, ең жоғары деңгейде ойнаса, мүмкін, олай емес шығар. Төрт-бес ай бұрын, екеуі де сау кезінде мен олардан мықты болған жоқпын. Ол кезде Янникке үнемі жеңіліп жүрдім. Егер бәрі сау болса, Синнер әлі де менен жоғары деп ойлаймын. Бар болғаны осы», - деді Зверев баспасөз мәслихатында.

29 жастағы теннисші үшін бұл жетістік «Үлкен дулыға» санатындағы екінші чемпиондық атағы болды. Осыдан бірнеше ай бұрын, 2026 жылдың маусымында Зверев «Ролан Гаррос» турнирінде топ жарған еді. Франциялық мейджордың финалында ол италиялық Флавио Коболлиден бес сетте басым түсті.

Осылайша, Германия өкілі бір маусым ішінде «Үлкен дулығаның» қатарынан екі турнирінде чемпион атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или