Зверев пен Рыбакина теннис тарихында ерекше жетістікке қол жеткізді

Зверев пен Рыбакина теннис тарихында ерекше жетістікке қол жеткізді

Германиялық теннисші Александр Зверев пен Қазақстан өкілі Елена Рыбакина рекордтық жүлде қорының арқасында теннис тарихына енді, деп хабарлайды Prosports.kz.

US Open қорытындысы бойынша олар ресми жарыстардағы жүлде көлемі бойынша жаңа жетістік орнатты.

Биылғы АҚШ ашық чемпионатының жеңімпаздары қомақты сыйақыға ие болды. Турнирдің жалпы жүлде қоры рекордтық көрсеткішке – 108 миллион долларға жетті. Ал Зверев пен Рыбакина 5,5 миллион доллардан табыс тапты.

Бұған дейінгі рекорд испаниялық Карлос Алькарас пен Беларусь өкілі Арина Соболенкоға тиесілі болған. Олар өткен маусымдағы US Open-дегі жеңісі үшін 5 миллион доллардан алған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или