Елена Рыбакина жеңістен кейін жанкүйерлеріне үндеу жасады

Елена Рыбакина жеңістен кейін жанкүйерлеріне үндеу жасады

Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатындағы тарихи жеңісінен кейін жанкүйерлерімен эмоциясын бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық теннисші үшін US Open-2026 турниріндегі бұл титул аталмыш жарыстағы мансабындағы алғашқы чемпиондық болды.

«Баршаңызға сәлем! Мен жаңа ғана осы керемет жүлдені жеңіп алдым. Әлі күнге дейін өзім де сене алар емеспін. Нью-Йоркте атмосфера керемет. Қолдауларыңыз үшін алғыс айтқым келеді! Бұл керемет, сөзбен жеткізу қиын. Маған көрсеткен махаббаттарыңыз бен қолдауларыңыз үшін тағы да рақмет», – деді Рыбакина US Open баспасөз қызметінің Х әлеуметтік желісінде жариялаған видеосында.

Шешуші кездесуде Қазақстан өкілі Арина Соболенкоға қарсы ойнады. Үш партияға созылған финал тартысты өтті. Алайда шешуші сәттерде Рыбакина сенімдірек ойнап, кездесуді 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңіспен аяқтады.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или