Елена Рыбакина – US Open чемпионы!

Елена Рыбакина – US Open чемпионы!

Елена Рыбакина мансабында алғаш рет US Open турнирінде жеңіске жетіп, финалда Арина Соболенконы ұтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әйелдер арасындағы жекелей сындағы финалда қазақстандық теннисші Беларусь өкілі Арина Соболенконы үш сетте 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңді.

Кездесу 2 сағат 23 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Рыбакина 11 эйс жасап (қарсыласында – 6), бес рет қос қателік жіберді. Қазақстандық теннисші 12 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Ал Соболенко үш брейк-пойнттың біреуін ғана жүзеге асырды.

Бұл жеңіс Қазақстанның үздік теннисшісі үшін «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі үшінші чемпиондық жүлде болды. Бұған дейін Рыбакина 2022 жылы Уимблдонда және 2026 жылы Australian Open жарысында жеңіске жеткен.

Айта кетейік, әйелдер арасындағы US Open-2026 турнирі 30 тамыз бен 12 қыркүйек аралығында өтті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или