WTA Рыбакинаны тарихи жетістігімен құттықтады

WTA Рыбакинаны тарихи жетістігімен құттықтады

WTA Елена Рыбакинаның АҚШ ашық чемпионатының ширек финалына шығуымен құттықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«US Open турнирінде алғаш рет. Ширек финалдағы «таза свип» орындалды», – деп жазды қауымдастық.

Енді қазақстандық теннисші барлық төрт «Үлкен дулыға» турнирінде де ширек финалға шыққан таңдаулы спортшылардың қатарына енді. Оның қоржынында Australian Open, «Ролан Гаррос», Уимблдон және, міне, US Open турнирлерінің ширек финалы бар.

Бұл жетістік Рыбакинаның әлемдік турдағы ең тұрақты теннисшілердің бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдейді. Осыған дейін бірде-бір қазақстандық теннисші мұндай нәтижеге қол жеткізген жоқ.

АҚШ-тағы ірі турнирдің келесі кезеңінде Рыбакина 2024 жылғы Олимпиада чемпионы Циньвэнь Чжэнмен кездеседі. Қазақстандық спортшы жеңіске жеткен жағдайда, әлемдік рейтингте мансабындағы ең жоғары көрсеткішке, бірінші орынға көтерілуге кепілдік алады. Соңғы екі жылда бұл позицияны Беларусь өкілі Арина Соболенко иеленіп келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или