1XBET - ставки на спорт

Елена Рыбакина Наоми Осакаға мүмкіндік қалдырмады

Елена Рыбакина Наоми Осакаға мүмкіндік қалдырмады

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық теннисші бұрынғы әлемнің бірінші ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирлерінің төрт дүркін жеңімпазы, Жапония өкілі Наоми Осаканы сенімді түрде жеңді.

Төртінші айналымдағы матч Рыбакинаның екі сеттегі жеңісімен аяқталды — 6:1, 6:4.

Қазақстандық спортшыға АҚШ-тағы басты турнирдің келесі кезеңіне өту үшін небәрі 1 сағат 7 минут қажет болды. Рыбакина допты ойынға қосуда да басымдық танытты: оның еншісінде алты эйс және бір ғана қос қателік бар. Сонымен қатар Елена сегіз брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.

Осака Қазақстанның бірінші ракеткасының агрессивті ойынына қарсы жауап таба алмады. Жапониялық теннисші екі эйс жасап, екінші допты бергенде бес қателікке жол берді. Сондай-ақ ол матч бойы иеленген жалғыз брейк-пойнтын пайдалана алмады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или