Данилина мен Крунич бірінші сетте қарсыласын ойсырата жеңгеннен кейін US Open матчынан бас тартты

Данилина мен Крунич бірінші сетте қарсыласын ойсырата жеңгеннен кейін US Open матчынан бас тартты

Қазақстандық-сербиялық Анна Данилина мен Александра Крунич жұбы АҚШ ашық чемпионаты-2026 турнирінің жұптық сайысындағы екінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші айналымда Қазақстан мен Сербия теннисшілері германиялық Татьяна Мария және түркиялық Зейнеп Сөнмезге қарсы ойнады. Бірінші сетте Данилина мен Крунич қарсыластарын 6:1 есебімен ойсырата жеңді. Алайда екінші партияда есеп 5:6 болған кезде қазақстандық теннисші мен оның сербиялық серіктесі кездесуді жалғастыра алмады.

Осылайша, неміс-түркиялық жұп 1/8 финалға жолдама алды. Бұл кезеңде олар америкалық Робин Монтгомери мен Эшлин Крюгерге қарсы ойнайды.

Айта кетейік, Анна Данилина әйелдер арасындағы жұптық разрядта Қазақстанның бірінші ракеткасы мәртебесін сақтап отыр. WTA рейтингінде бұл санат бойынша ол алтыншы орында келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или