Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінің 1/8 финалына шықты
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының (US Open-2026) 1/8 финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық теннисші үшінші айналымда Украина өкілі Юлия Стародубцеваны 7:6, 6:3 есебімен сенімді түрде жеңді. Айта кетейік, бұған дейін мамыр айында Стародубцева Рыбакинаны «Ролан Гаррос» турнирінен 6:3, 1:6, 6:7 есебімен жарыс жолынан шығарған болатын.
US Open турнирінің ширек финалына шығу үшін Рыбакина бұрынғы әлемнің бірінші ракеткасы Наоми Осакамен кездеседі. Жапониялық теннисшінің еншісінде «Үлкен дулығаның» төрт титулы бар: US Open – 2018, 2020 және Australian Open – 2019, 2021. Қазіргі таңда Осака WTA рейтингінде 13-орында тұр.
Теннисшілер бұған дейін бір рет кездескен. Тамыз айында Торонтода өткен WTA 1000 турнирінің ширек финалында Рыбакина Осакадан 4:6, 7:5, 6:4 есебімен басым түскен.