Абылайхан Жүсіпов финалда үндіс қарсыласын жеңді
Қазақ боксшысы Абылайхан Жүсіпов Қытайдың Гуйян қаласында өткен бокстан әлем кубогының финалдық кездесуінде бақ сынады, деп хабарлайды Prosports.kz.
70 келі салмақтағы финалда Жүсіпов үндістандық боксшы Дипакпен кездесті. Жекпе-жекте қазақстандық боксшы 5:0 есебімен басым түсті.
Осылайша, Абылайхан Жүсіпов әлем кубогын жеңіп алып, Гуйяндағы өнерін алтын медальмен аяқтады, ал Дипак күміс медальмен шектелді.
Жүсіпов - 2025 жылғы IBA әлем чемпионы және әлемнің үш дүркін қола жүлдегері. Оның қарсыласы Дипак - 2022 жылғы Азия жастар чемпионатының қола жүлдегері және беделді Boxam турнирінің күміс жүлдегері (2026).
Әлем кубогы: Қазақстандық боксшы финалда Олимпиада чемпионын жеңді
Әлем кубогында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын жүлде түсті
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или