Аян Бейсенбаев Астанада өткен триатлоннан жеңімпаз атанды
Қазақстан құрамасының өкілі Аян Бейсенбаев Астанада өткен триатлоннан Азия кубогы кезеңінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Спортшы жарыс қашықтығын 54 минут 5 секундта еңсеріп, мәреге бірінші болып жетті.
Екінші орынды Люксембург өкілі Тео Матри (+3 секунд) иеленсе, үздік үштікті Чехия спортшысы Радим Гребик (+4 секунд) түйіндеді.
Айта кетелік, Қазақстанның басқа өкілдері де жарысқа қатысып, Егор Крупяков сегізінші, Дарын Қонысбаев 11-орыннан көрінді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или