Михаил Рагозин Хамзат Чимаев пен Шон Стрикленд туралы пікір білдірді
Ресейлік аралас жекпе-жек шебері Михаил Рагозин Хамзат Чимаев пен Шон Стрикленд арасындағы чемпиондық жекпе-жектің нәтижесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оның айтуынша, кездесу өте тартысты өткен және төрешілер жеңісті екі спортшының кез келгеніне бере алар еді. Рагозин Чимаевтың алғашқы раундтардан кейін шаршап қалатынын күткенін, алайда оның қалған раундтарда да жақсы деңгейде өнер көрсеткенін атап өтті.
Сонымен қатар ресейлік спортшы төрешілер шешіміне алаң иелерінің факторы әсер етуі мүмкін деген ойын жеткізді. Оның пікірінше, Стриклендтің өз жанкүйерлері алдында жұдырықтасуы шешуші рөл атқарған болуы ықтимал.
Еске сала кетелік, жекпе-жек Шон Стриклендтің жеңісімен аяқталып, ол орта салмақтағы чемпиондық белбеуді иеленді.
Жалғас Жұмағұловтың Словакиядағы жекпе-жегі даулы аяқталды. Видео
Қазақстандық жауынгер Oktagon турниріндегі екінші жеңісін тойлады
Жалғас Жұмағұлов титулдық жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады