Жұмағұлов жанкүйерлерге үндеу тастады
Қазақстандық ММА жауынгері Жұмағұлов Октагон лигасындағы екінші чемпиондық белбеу үшін өтетін жекпе-жек алдында жанкүйерлерге үндеу жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жұмағұлов әлеуметтік желіде қысқаша жазба қалдырып, өз мақсатын ашық айтты: «Бір белбеу жеткіліксіз. Сенбі кездесеміз. Иншаллах» деді ол.
6 маусым күні Братиславада өтетін жекпе-жекте қазақстандық спортшы бразилиялық чемпион Игор Севериноға қарсы шығады. Бұл кездесу жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеу үшін өтпек.
Айта кетелік, егер Жұмағұлов жеңіске жетсе, ол Октагон ұйымының екі салмақтағы чемпионы атанған сирек спортшылар қатарына қосылады. Қазір оның қоржыны 19 жеңіс, 9 жеңілістен тұрады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или